Digital • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада еліміздегі алғашқы креативті технологиялар орталығы – «TUMO Astana» өз жұмысын бастайды. Бұл орталықта 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тегін меңгереді. Айта кетерлігі, жеткіншектер оқуға түсу үшін емтихан тапсырмайды және жарысқа түспейді.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы-жырау Баянғали Әлімжановтың «Айкөлдің жолы» кітабының таныстырылымы өтті.
Өнер • 31 Желтоқсан, 2025
Әр жыл әр саладағы айтулы оқиғалармен, жарқын жетістіктермен есте қалары анық. Атап айтсақ, биыл ұлтымыздың тарих тереңінен, ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын мәдениет саласында сүйінші жаңалықтар аз болған жоқ. Әсіресе өнерпаздардың әлемдік сахнада бағындырған биіктері жетерлік. Бақтары құрлық асып, жұлдыздары жарқырай түсті.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Аламанда алған жүлде – қомақты
Жылнамаға жазылар Жылан жылына өкпе жоқ. Әсіресе спортшыларымыз үшін биылғы жыл бәсекеге, табыстарға толы болды. Әлемдік аламандар мен жаһандық сайыстарда саңлақтар ел мерейін асырып, мәртебемізді биіктетті. Әнұранымыз дүбірлі додаларда дүркін-дүркін шырқалды.
Театр • 31 Желтоқсан, 2025
Биыл қазақ өнері үшін мерейтойлық мазмұнға бай жыл болды десек, артық айтпағанымыз. Сол атаулы оқиғалардың ішіндегі ең елеулісі – кәрі құрлықтың талғампаз тыңдармандарын таңдай қақтырған Әміренің әні. Жаһан жаңалығына айналған айтулы өнер оқиғасына биыл тура ғасыр толды. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Қанат Жүнісовтің «Әміре» қойылымының премьерасы өтті.