Таным • 19 Желтоқсан, 2021
Зауытбек Тұрысбеков туралы бірер сөз
Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі дипломат Зауытбек Тұрысбеков туралы бірер сөз
Өнер • 19 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздіктің түсі қандай? Көк пе? Қара ма? Ақ па? Сары ма? Мүмкін қызыл шығар. Кім біледі, әйтеуір осы реңктердің қай-қайсысын алсаңыз да тәуелсіздік картинасының құрамында болары даусыз. Қазақ баласы азат күннің аспанын қандай түспен сырласа да жарасады. Жапанда адасқан жалғыз жолаушыға бағдаршам болған жетіқарақшы жұлдызындай шоғырлы еркіндіктің есігі енді мәңгіге ашық. Міне, қой бағып, қотан аралап жүрген баланың қошақан қиялы шындықтың шынарына қонақтағалы ұлт өнері шексіздікке жол тартты. Тәубе дейміз! Мұның бәрі қоңыртөбел әңгіме ғой. Әйтсе де, бейнелеу өнерінің бүгінгі биігіне сіз бен біздің көзіміз жете қоя ма екен? Қарап көрейікші.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2021
Суықтағаннан, су жиналғаннан, сарыптан, шорланудан, қажалудан бола беретін буын ауруларының да түр-түрі бар. Оның ішіндегі ревматоид артрит – буындардың қабынып, адамның жасы, өмір сүру салты мен жай-күйіне қарамастан, кез келген шалдығуы мүмкін созылмалы аутоиммунды кесел. Мәселен, полиартритпен көбіне орта жастағы, әсіресе 36-45 жас аралығындағы әйелдер ауырады.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2021
Германия: Жаңа үкіметтің құрамы бекітілді
Германияда Ангела Меркельден кейінгі жаңа кезең басталды. Өткен аптада елдің жаңа үкіметі жасақталды. Сондай-ақ 16 жылдан кейін канцлер орынтағына жаңа саясаткер жайғасты. Осылайша, Социал-демократтар өкілі Олаф Шольц қызметіне кірісті.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2021
Мұхтар Төлетаев: Дәрі-дәрмекпен қамту жоғары деңгейге жетті
Еліміз егемендік алған кезеңнен бері отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Әсіресе, онкологиялық аурулардың алдын алу, тексеру, емдеу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл ретте, біз күні кеше Президент Жарлығымен еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістігі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін өңіріне қадаған онколог дәрігер Мұхтар ТӨЛЕТАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.