Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады
Биыл ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқан жылдардан бергі рекордтық нәтижеге қол жетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і – жеңіл көлік, 4 040-ы жолаушылар көлігі және 8 470-і – жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға биыл 13,7 млрд теңге қаражат төленген.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Қызылорда шынысына сырттан сұраныс бар
Ұлық мерекеге арналған басты шаралар аясында Қызылордада шыны зауыты ашылды. Ашығын айтсақ, осы өндіріс орны биыл іске қосылып, игілікке жарайды дегенге илана қойғандар аз болды. Олай болатын да жөні бар, бұл сонау 2008 жылы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында біріккен кәсіпорындар туралы жасалған келісімге енген жобалардың бірі еді.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2021
Бензинге арналған қоспа өндіреді
Биыл шілде айында ғана іске қосылған «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС еуро-4 және еуро-5 бензиндеріне арналған қоспа шығарумен айналысады. Аталған қоспа – метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) деп аталады. Компания бас директоры Манат Бибасовтың айтуынша, зауыт жылына 57 мың тонна дайын өнім шығаруға дайын. Әрі өнімнің тазалығы 99 пайыз деңгейінде екен.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған мерекелік шарада саясаткерлер мен халықаралық сарапшылар ел астанасына жиналды.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2021
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады.