Өнер • 31 Желтоқсан, 2025
«Астана Опера» 2025 жылды таңғаларлық шығармашылық табыспен аяқтады. Осы жыл айтулы премьералар, маңызды гастрольдік сапарлар, халықаралық фестивальдар мен әртістердің жарқын жеңістерін әйгіледі.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Павлодарда болашақ жұмысшы мамандықтарының өкілдері – колледж студенттеріне арналған «Шебер асуы» сыйлығының қорытындысы шығарылды.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Бізде көбіміз баса мән бере бермейтін бір сала бар. Бұл – мектепке дейінгі оқыту сатысы. Мұның маңызы – барлық білім жүйесінің іргетасы саналатынында. Бала оқу ошағына барамын дегенше дайындығы дұрыс болса, ол соғұрлым мектепте, одан кейін университетте қиналмайтыны кәдік. Сол себепті де ата-аналар балаларын балабақшаға неғұрлым тезірек орналастыруды қалайды. Дәл осы мәселе бізде толық шешімін тапты ма, биылға жүктелген міндет түпкілікті орындалды ма?
Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралияда Жаңа жылды бір сағаттың ішінде үш рет қарсы алуға болатын қызық жағдай бар. Мұның сыры – елдің барлық аймағы бірдей жазғы уақытқа (DST) көшпейтінінде.