Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Саяси оқиғалардың салиқалы жылы
Биыл ел өмірінде болған елеулі өзгерістер көп. Ішкі саясаттағы реформалардың іске асырылуы сайлау жүйесіне қан жүгіртсе, алыс-жақын елдермен арадағы әріптестігіміз де әлемдік алаңдағы абыройымыздың артуына сеп болды. Жыл басындағы Сенат пен Мәжіліс, одан кейін мәслихат сайлауының соңы қарашада аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің қанатқақты сайлауымен жалғасты. Бұл саяси үдеріс осы жылы мемлекеттік басқару жүйесінің барлық орталық органын ауқымды қайта жүктеуді толығымен аяқтауға мүмкіндік берді.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Инфрақұрылым әбден тозған – Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында өңірлерде жылу, энергия және сумен жабдықтау саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер • 28 Желтоқсан, 2023
Кәсіп жынысқа бөлінбейді, қазір ерімен қатар әйелдің де жеке шаруамен айналысуға мүмкіндігі мол. Оның үстіне бұл тарапта мемлекеттен берілетін көмек те орасан. Мәселен, Жетісуда шағын және орта кәсіпорындардың жартысына жуығын әйелдер басқарады. Үй шаруасынан бөлек, қоғамға пайдасы зор кәсіпті тізгіндеген қыз-келіншектер облыстың әлеуметтік деңгейін көтеруде маңызды рөлге ие. Қазір өңірде екі жүзге жуық кәсіпкер қыз-келіншек бар.
Қаржы • 28 Желтоқсан, 2023
Қаржы орталығының сенімді жұмысы
Жақында «Астана» халықаралық қаржы орталығы 2023 жылдың қызметтік қорытындысын жариялады. Қазіргі таңда орталық Орталық Азия мен Шығыс Еуропа (Global Financial Centres Index рейтингіне сәйкес) аймағында өзінің көшбасшылығын сақтап, бизнес ашу, іскерлік орта құру, инвестициялар тарту бойынша алда келе жатыр. Сонымен қатар адами капиталды дамытуға тиісті және қолайлы құқықтық реттеуші ортаны құрып, дамыған инфрақұрылымын жасай алды.
Пікір • 28 Желтоқсан, 2023
Тірнектеп жиған-терген дүние – өбектеп тапқан-баққан бала-шағаның қамы. Солардың жарқын болашағы үшін бейнеткеш ата-ана ештеңеден де аянып қалмайды. «Ертең рақатты осы балалардан көреміз» дейтін аяулы үміттің өзі тау қопарардай алапат күш береді. Жиі айтылатын «Бала – ең үлкен капитал» тәмсілінің мәні де осында жатыр.