Үкімет • 20 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021
Ән десе әр кез адамның рухани азығы, жан дүниенің жарық шашқан сәулесі, жүрек қылын шертетін жұмбақ құбылыс деп қарайтынымыз бар. Ол да рас. Алайда әннің тек жан азығы болып қалмай, тәнді сауықтыратын, ол аз десеңіз түрлі дерттен оңалтатын да қасиеті бар болып шықты. Әсіресе, сөйлеу, есту қабілетінде тұтығу, кекештену секілді кемістігі бар жандарды әнмен емдеу әдісі пайда болды. Алыс-жақын, шетелде емес, өз Отанымызда осындай емдеу тәсілін меңгерген маман бар.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Барлық озық елдерде полиция институты сервистік модель негізінде дамып келе жатқанын» айта келіп, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын қатыстыра отырып, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасауды тапсырған болатын.
Медицина • 20 Желтоқсан, 2021
АИТВ-ахуалды науқастар туберкулезді тез жұқтырады
Қазір Алматыда АИТВ жұқтырған адамдардан туберкулезді анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп жатқанын баяндамас бұрын, алдағы 29 желтоқсаннан бастап Ресейге 90 күннен артық сапарлаған қазақстандықтар есірткіге тәуелді емес екендігі мен түрлі жұқпалы аурулардан, оның ішінде АИТВ-дан ада екенін айғақтайтын анықтама қағазын алуы тиіс.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мен ЖИТС орталығының директоры Сәбит Әбдраимов АИТВ-мен сырқаттанушылық деңгейі және алдын алу шаралары туралы өткізілген онкүндік барысымен және жыл бойындағы атқарылған жұмыстармен таныстырды.