Күрес • 20 Желтоқсан, 2021
Алматының іргесінде орналасқан Талғар қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күресінен әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркін Сайдақовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2021
Қылышынан қан тамған қызылдар империясы ыдырап, бұрынғы «бауырлас» 15 республика тәуелсіздікке қол жеткізген тұста да спорт саласындағы бұра тартушылық тоқтаған жоқ. Сол жылы өткен аса ірі халықаралық додаларға Қазақстанның санаулы ғана спортшылары күш сынасу құрметіне ие болды. Елішілік жарыстарда біраз жерлесіміз табысты өнер көрсеткенімен, оларға Кеңес Одағы құрамасы сапынан орын табылмады. 70 жылдан астам уақыт бойы үстемдік жүргізіп үйреніп қалған Мәскеу билігі бұл жолы да әділдікті белден басып, өз өрендеріне арқа сүйеуді құп көрді.
Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елорда төрінде еліміздің ең мықты деген былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде ұйымдастырылған кештің басты айқасында Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов IBO тұжырымының белдігін сарапқа салды.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Мал ұрлығына қарсы заң күшейгенімен, төрт түліктің қолды болуы тыйылар емес. Әсіресе тоғыз жолдың торабында тұрған аудандардан сиыр, жылқы жиі жоғалады. Жуықта Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылының 33 жастағы тұрғыны жайылымнан 18 бас жылқысының жоғалғанын айтып, Ұлан ауданының полиция бөліміне жүгінген. Мал иесінің айтуынша, жылқылары жайылымда жүрген жерінен жоғалып кеткен. Бір апта бойы малды өз бетімен іздеген. Ұрының ізіне түсе алмаған соң құқық қорғаушылардан көмек сұраған.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Шығыста аю көп. Көп екен деп аулай беруге бола ма?! Қарашада ғана заңсыз аю атқан бір емес, екі факті тіркелген. «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде құқық қорғаушылар белді бекем буып, қаскөйлердің ізіне түскен.