Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Ғылым-білім орталықтарын трансформациялау
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығын (ҰАҒБО) тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хаб етіп қайта құруды міндеттеген еді. Осы уақыт ішінде ғылыми институттар мен қолданбалы ұйымдар арасындағы тікелей коммуникацияларды олардың әзірлемелерін кейін коммерцияландыра отырып, айналымға тезірек және сәтті енгізу үшін қамтамасыз етуге бағытталған трансформацияның түрлі нұсқасы қарастырылды.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2023
Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жемісін көрді деп айтуға толық негіз бар. Наурызда Парламент сайлауы өтті. Мәжіліске алты партия өтіп, бірмандатты округтерден депутаттар сайланды.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Өтіп бара жатқан жылдың халыққа қаншалықты жайлы болғанын әлеуметтік көңіл күйге қарап бағамдауға болады. Бұл орайда аузымызды қу шөппен сүртіп, ахуалымызға қынжылыс білдірудің реті жоқ. Салада ауыз толтырып айтарлықтай орасан шаруа тындырылды, көптің көңіліне жаққан көшелі бастамалар баршылық. Жаңадан қабылданып, күшіне енген Әлеуметтік кодекстің өзі біраз күш болды. Енді осы бағыттағы нәтижелерге жалпы тоқталып өткеніміз жөн.
Ғибрат • 28 Желтоқсан, 2023
Кең тынысты эпикалық поэзияда әр өлеңі елеулі құбылыс болып еніп, соңына көркемдік сапасы жоғары мол рухани мұра қалдырған дауылпаз ақын Ілияс Жансүгіровтің ұлылығы кейінгі жылдары ағылшын, неміс тіліндегі аударма арқылы бір танылса, асқақ жырымен өз биігін белгілеп кеткен ақиық туралы үнді ақыны баллада жазып, шайырдың шетел әдебиетіндегі жаңа образын сомдады. Гете орталығының ұйытқы болуымен «Құлагерді» неміс тілінде сөйлеткен ақын әрі аудармашы Герт Хайденрайх тебіреніп тұрып: «Мен Ілияс Жансүгіровтің «Құлагерін» қазақтардан қызғанамын. Ілияс – Шекспир деңгейіндегі ақын», деп бағалаған еді.