Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстан судьялары Әзірбайжанға барды
Бүгін Жоғарғы Соттың делегациясы Әзірбайжанға барды. Делагация құрамында Нұржан Қайыпжан, Ирина Калашникова, Герман Нұрбаев, Аслан Түкиев, Ербол Өмірәлиев секілді судьялар мен Департамент өкілдері – Жанат Бекжанов пен Арман Жүкенов бар, деп жазады Egemen.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды
Алматы қаласы Назарбаев даңғылындағы тарихи ғимараттың қаптамасы мен жарықтандыруы жаңартылуда. Бұл құрылыс В.И.Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жылдары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, объектінің дайындығы сол кезде 90%-ды құраған.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
G-Global. XXI ғасыр әлемі: «Отбасы банк» және онлайн формат
Пандемияның пайдасы не десе, сөз жоқ цифрлану процесін жеделдеткенін айтар едік. Алдағы 5-10 жылдың күн тәртібінде тұрған онлайн форматқа ауысу жоспары айналасы бір жылда орындалды. Клиенттен айырылып қалмас үшін көптеген компаниялар түсінікті әрі тиімді IT өнімдерді нарыққа алып келді. Бәсекелестік тудырды. 2020-2021 жылдар нағыз қаржылық-техникалық төңкерісімен есте қалмақ. Таяуда ғана елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жобасына айналған «G-Global. XXI ғасыр әлемі» атты II халықаралық онлайн-конгресс өтті. Конгрестің «Қаржы секторының келешегі: цифрлы инновациялар және қаржылық экожүйелердің дамуы» атты сессиясы қаржы секторы мәселелеріне арналды.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
«Сауатты жарнама - тіл абыройы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Сауатты жарнама - тіл абыройы» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 20 Желтоқсан, 2021
Тартысқа толы чемпионат: Жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды
Бокстан Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінің ширек финалдық бәсекесі артта қалды. Еліміздің барлық аймағынан келген 212 былғары қолғап шебері арасынан жүлде алғандардың есімі анықталды.