Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір елде 5 миллион 817 мың жас өмір сүріп жатыр. Бұл – жалпы халықтың үштен бір бөлігі. Мұндай ауқымды демографиялық әлеует – кез келген мемлекет үшін әрі мүмкіндік, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бүгінгі жастар саясаты тек әлеуметтік қолдау шараларының жиынтығы емес, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын айқындайтын стратегиялық бағытқа айналып отыр.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Қаржыны тиімді басқару – даму кепілі
Биыл қаржы саласында да елеулі өзгерістер болды. Жұмысты оңтайландыруға бағытталған ауқымды жобалар іске қосылды. Қаржы министрлігінің қызметін халықаралық сарапшылар да жақсы бағалап, соның нәтижесінде еліміз Дүниежүзілік және Азия даму банктерінің сарапшылары жүргізген мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалау қорытындылары бойынша ең жоғары «А» балын иеленді.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Ел және Президент: Қауырт та жемісті жыл
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткенін мәлімдеді. Telegram-дағы арнасында жазба жариялаған ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы атқарған жұмысына, еліміздің әр саладағы аяқ алысына шолу жасады. Оның айтуынша, осы жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Биыл «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау, күрделі құрылыс жобаларына ден қойды. Бұл сәйкесінше газды ішкі тұтынудың артуына, еліміздің газ қоры ауқымын кеңейту қажеттілігіне байланысты болды. 2025 жылдағы басымдықтар қатарында газ инфрақұрылымын нығайту, «QazaqGaz Aimaq» АҚ арқылы Астана мен оның агломерациясын одан әрі газдандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өңірлерді көгілдір отынмен қамту көзделді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 31 Желтоқсан, 2025
Бүкіл ел көлеміндегі қайнаған тірлік – кең қанат жайған құрылыс, қойнаудағы ен байлық, жайлаудағы төрт түлік мал, қамба толы астық, қойма толы өнім, қысқасы, барша бұқараның қалыпты тыныс-тіршілігіне қажет барша игілік – ең алдымен құрыш қолды шаруақор қауымның жылдың төрт мезгілінде бір толас таппайтын тынымсыз еңбегінің, қапысыз қажыр-қайратының жемісі.