Әлем • 21 Желтоқсан, 2021
Тайвань мен Украинадағы соғыс дауысы
Еуразияның кең-байтақ кеңістігінде жаугершілік лебі есіп тұр. Батыс жақта Ресей Украинамен шекаралас аймақтарға әскери бөлімшелерін көптеп орналастырып жатыр. Осыған байланысты түрлі болжамдар желдей еседі. Ал Шығыста Қытайдың Тайваньға қатысты ұстанымы халықаралық қоғамдастықты барған сайын алаңдата түсуде. АҚШ-тың сараптамалық орталығы жасаған соғыс ойынына қатысты кең тараған зерттеу қорытындысына сүйенсек, алда-жалда Қытай аралға шабуыл жасай қалса, АҚШ-тың мүмкіншілігі аз болмақ.
Экология • 21 Желтоқсан, 2021
Болмысы бөлек жыртқыш аң – ілбістің (қар барысы) тұқымы жыл өткен сайын сиреп барады. Құзар шыңның басында тіршілік ететін түз тағысына табиғат-ана өзгеше бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстандағы Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Бүгінде әлемде 4 мыңға жетер-жетпес ілбіс қалды деген дерек бар.
Экология • 21 Желтоқсан, 2021
Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP26) Үндістан нағыз қаскөй ретінде әсер етті. Іс-шараға жиналғандар ел астанасы Нью-Делиді улы түтін басып қалған кезеңде Үндістан билігінің көмір тұтынуды қысқартуға қарсылық көрсеткенін сынға алды. Глазгода тағылатын басты кінә – ақырғы сәтте Қытайға қосылып, конференцияның қорытынды декларациясын соңғы минутта өзгертуді талап етуі. Құжатқа елдер көмірден мүлдем бас тарту емес, кезең-кезеңімен азайту жөнінде өзгеріс енгізілді. Жан басына шаққандағы көмірқышқыл газы шығарылымы әлемдегі жетекші елдерге қарағанда анағұрлым аз Үндістан климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске кедергі келтіргені үшін кеңінен сынға ұшырады.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021
Кешікпейтін пойыз керек еді...
Жақында ауылдағы ағайындарымыздың бірі республикалық кардиологиялық орталыққа 2 жасар баласын қарату үшін елордаға пойызбен келді. Жолға шығардан бұрын хабарласқанда профессордың қабылдауына бір ай бұрын жазылып қойғанын айтып: «Сол үшін билетті әдейі «Тальгоға» алдық, қабылдауға үлгеріп баруымыз керек», деген еді. Қырсыққанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы жүрдек пойыз сол күні бақандай 2 жарым сағатқа кешігіп жетті. Туысымыз ғана емес, сол пойызбен келген 300-ге тарта адам діттеген жеріне кешігіп келіп, жоспарлары быт-шыт болды...
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2021
Ералы Тоғжанов Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрімен кездесті
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мұсаевпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.