Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі
«Ер азығы – жолда» дейді қазақ. Расында, ер азаматтың өз ризығын түзден теретіні асыл дінімізбен астасқан тәмсілдерімізде көп айтылады. Азыққа қатысты мақалымыз халқымыз етігімен су кешкен жаугершілік заманнан қалған шығар, бәлкім. Дегенмен бүгінгі шақтың да геосаяси ахуалы, әр жерден тұтанып жатқан қақтығыс өрті ертеректегі жаугершілік кезеңнің елесін сездіретіндей. «Сақтықта қорлық жоқ» деген бар. Мемлекет басшысының ел аралап, саяси да экономикалық серіктестермен маңызды келіссөздер жүргізіп, мүддемізге сай тиімді шешімдерге қол жеткізгені қашанда керек-ақ. Осы тұрғыдан алсақ, әр сапарына елдің абыройы мен қауіпсіздігін ту еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да шет мемлекеттерге аз шықпапты.
Елорда • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада мұз айдындары мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтады
Астанада ауа райының күрт жылынуына және қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап, қала тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының барысы талқыланды. Сондай-ақ келер жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Онда азық-түлік қауіпсіздігі мен негізгі азық-түлік өнімімен өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімімен толықтыру мәселесі қаралды.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.