Саясат • 30 Желтоқсан, 2022
«Реформалық өзгерісті оған шын сенетіндер ғана жасай алады», дейді Теодор Рузвельт. АҚШ тарихындағы ең ұлы көшбасшылардың бірі саналатын ол ел тәуелсіздігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосты. Расында, кез келген мемлекетте іргелі өзгерістер белгілі бір оқиғалармен астасып жатады. Биыл жыл басы Қазақ елі үшін ауыр қайғымен басталды. Қаңтар қасіреті талай боздақтың өмірін жалмағаны белгілі. Дегенмен осы оқиға ел еңсесін тіктеп, биліктің таңдау жасауына ықпал етті.
Театр • 30 Желтоқсан, 2022
Сырттан режиссер шақырып, өзгенің ортаңқол жұмысының өзіне таңырқай таңдай қағып, тамсана қол соғатын «кеңпейіл» қазақ театр әлемі үшін, ашығын айту керек, соңғы бес-он жылдықта Фархад Молдағали есімі жаңалық болғаны анық. Әйгілі режиссер әрі педагог Маман Байсеркенов мектебінен түлеп ұшқан талантты жас қазақ сахна өнерінде шын мәнінде сілкініс тудырып, қайталанбас қолтаңбада қойылған «Қарагөзімен» қалғып бара жатқан қазақ театрын оятты.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2022
Қаржылық тұрақтылыққа кепіл заң
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Конституциялық соттың судьяларын қызметке тағайындады. Бірқатар заң жобасы қабылданды.
Үкімет • 30 Желтоқсан, 2022
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен келіссөз жүргізді.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2022
Газ саласы – экономиканың жаңа драйвері
QazaqGaz: жыл қорытындысы, жаһандық трендтер және газ саласының бағындырар белестері туралы Әлемдік және отандық газ саласы үшін 2022 жыл үлкен өзгерістерге толы болды. Осы ретте «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар ЖАРКЕШОВПЕН 2022 жылы жаһандық газ нарығындағы айтулы өзгерістер және оның Қазақстанға әсері, стратегиялық және тактикалық шешімдер, жақын арада болатын газ саласындағы реформалардың нәтижелілігі мен міндеттері туралы әңгімелескен едік.