Саясат • 07 Ақпан, 2026
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
7 ақпан күні Милан-Кортина Олимпиадасы басталады. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Ақпан, 2026
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Астанада «Amanat» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу нысандарымен қамту, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын бейімдеу мәселелері, техникалық, кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамыту шаралары қаралды.
Пікір • 07 Ақпан, 2026
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында Конституцияның жаңа жобасына қатысты халық пікірі әрқилы бағытта белсенді түрде айтылып жатыр. Бұл бір жағынан азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігінің артқанын, халықтың саяси санасының өскенін көрсетеді. Пікірлердің сан алуандығы жобаны теріске шығару емес, керісінше оны жетілдіру, мазмұнын байыту мақсатынан туындап отыр.
Пікір • 07 Ақпан, 2026
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Елімізде қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған парламенттік реформа және оның мемлекет пен қоғам институттарына жүктейтін жоғары жауапкершілігі жөнінде талқылау жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында алдағы жоспарланып отырған өзгерістердің маңызын ерекше атап, олардың ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар екенін айтты.