Бокс • 22 Желтоқсан, 2021
Маратбек Мықтыбеков: Қазақ боксын әлемдік деңгейге көтергіміз келеді
Оралда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті. 212 спортшыдан іріктелген 26 боксшы бүгін 13 салмақ дәрежесінде өзара жеңімпазды анықтайды. Аталған доданың басы-қасында жүрген Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек МЫҚТЫБЕКОВПЕН әңгімелесудің сәті түскен еді.
Саясат • 22 Желтоқсан, 2021
Астана процесі: Кезекті раунд табысты аяқталды
Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі халықаралық кездесудің 17-нші раунды өтті. Екі күнге созылған іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды. «Астана процесі» атымен танылған бұл келіссөздер Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2021
Менің алдымда әр жылдары жарыққа шыққан 12 кітап жатыр. Олар – «Неткен ғажап бұл әлем!», «Жанарымда туған жер», «Ашылмаған аралдар», «Сырымды саған айтамын», «Таңғажайып тағдырлар», «Ғұмырдария», «Рухы күштілер», «Бізге беймәлім бейнелер», «Өмірге таңдана қара!», «Елім менің ертегі», «Біртуарлар» және «Ұлылардың ұрпақтары» туындылары. Бұларға сұрыпталып отырып 220-ға жуық ғажап тағдыр иелері туралы портрет, диалог-очерк, эсселер мен туған жеріміздегі тылсым табиғат құпияларына қатысты 50-ге жуық тың дүние кірген. Кітаптардың аты айтып тұрғандай, олар жай ғана деректемелер емес, керісінше тамсанып «Апырай, ә, солай екен-ау», деп таңданатын немесе «Біз неғып байқамағанбыз, мынау өзі ғажап дүниелер ғой», деп қызыға оқитын, мол ақпарат беріп, бойыңа рухани бұлқыныс тудыратын дүниелер.
Ғылым • 22 Желтоқсан, 2021
Іргелі ғылымның ізі бар, іздеушісі жоқ
Маңғыстауда мал қырылды. Астанада аяздан газ құбырлары қатып қалды. Қостанайда егіс алқаптарының 20 пайызы күйіп кетті, содан бидайдың қауызы дәнсіз. Не себепті? Енді қайтпек керек? Барлық сұрақтың жауабын, мәселенің мәнісін іргелі ғылымнан ғана біле аламыз. Ал бүгінгі іргелі ғылымның ізі бар да, іздеушісі жоқ секілді...
Туризм • 22 Желтоқсан, 2021
Еліміздің кез келген өңірінде табиғаты сұлу, шетелдік туристерді бірден баурап алатын көрікті жерлер аз емес. Соның бірі және бірегейі ретінде Түркістан облысы. Бұл өңір туризмнің барлық саласымен туристерді өзіне тарта алатын еліміздегі жалғыз аймақ деп айтсақ, қателесе қоймаспыз. Өйткені Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, емдеу және сауықтыру, экологиялық, гастрономиялық, тарихи және тағы басқа туризм салалары қарқынды дамып келеді. Бұған жуырда Kazakh Tourism ұлттық компаниясы БАҚ өкілдеріне ұйымдастырған ақпараттық тур аясында тағы бір мәрте көз жеткіздік.