Экономика • 23 Желтоқсан, 2021
Қосымша құн салығы: Артық сома қайтарылады
Астық нарығы қатысушылары үшін қосымша құн салығынан асып кеткен соманы қайтару оңайлайды. Өйткені осы жылдың 17 қарашасында Қаржы министрінің бұйрығымен аталған мәселеге қатысты қанатқақты жобаны іске асыру ережелері мен мерзімдері бекітілді. Кәсіпкерлердің қанатқақты жобаға қатысуы ерікті түрде жүргізіледі.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – мемлекеттік тілді дамытудың тиімді құралы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан халқының рухани құндылықтарын дамытуға аса қарқынды серпін бергені көзі қарақты жұртшылыққа мәлім.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
Қазыналы Қарағанды облысы еліміздің индустриялық тірегі болып қала береді деуге толық негіз бар. Өңірде «АрселоМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» сынды қала құраушы алпауыт кәсіпорындар өз алдына, өңірде басқа да өндіріс ошақтары өсіп келеді. Бұған мысал ретінде Қарағандының іргесіндегі Саран қаласында қолға алынған жобаларды алуға болады.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021
Мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырып ерекше сезімге бөлендім. Жүрегім өзгеше бір әсердің құшағына еніп кете бар-ды. Бұған дейінгі өз хал-қадерімше оқып-тоқығаным, көргенім мен білгенімнің есігі кеңінен айқара ашылғандай күй кештім.
Пікір • 23 Желтоқсан, 2021
Биыл еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне көтеріліп, дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты. Қайта жаңғырған Қазақ мемлекеті ғасырдың үштен бірін бағындырып, елдік тойын сән-салтанатымен атап өтуге кірісті. Мереке қарсаңында Ұлт көшбасшысы егемендігіміздің 30 жылдық кезеңіне талдау жасап, өткенге ой жүгіртіп, келешегімізге жауапты міндеттер жүктеген «Тәуелсіздік тағылымы» атты тәлімі мол, мазмұны терең мақала жариялады.