Теннис • 31 Желтоқсан, 2020
Теннистен халықаралық ATP Cup турнирі 2021 жылдың 1-5 ақпаны аралығында Аустралияның Мельбурн қаласында өтетін болып бекітілді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Хоккей • 31 Желтоқсан, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті тур ойынын өз айдынында Сібірдің «Сибирь» клубымен өткізіп, жеңіске жете алмады.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2020
Биылғы тышқан жылы өзге сала өкілдері сияқты спортшыларымызға да оңай соққан жоқ. Әлемді шарпыған індет салдарынан жылдың бірқатар маңызды жарысы мен талай додасы кейінге шегеріліп, тіпті кейбір бәсекелер өтпей де қалды. Егер Жер шарының тұрғындары қалыпты жағдайда өмір сүргенде, бәлкім, жаз мезгілінде Токио Олимпиадасында топ жарған өрендеріміздің тұғырлы жеңісін жарыса жазып, сол додада ерекше өнерімен дараланған жаңа қаһармандарға қол соғатын едік. 2020 жылға жоспарланған футболдан қарт құрлықтың жаңа чемпиондарын анықтап, допты ұршықша иірген таланттардың өнеріне тәнті болатын едік. Дегенмен қазақстандық өрендер пандемияға дейін де, вирустың таралуы бәсеңдеген уақытта да бірқатар маңызы зор жарысқа, құрлықтық деңгейдегі додаға және басқа да толып жатқан халықаралық турнирлерге қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Сонымен қатар жеңілістен жігеріміз жасып, көңіліміз құлазыған сәттер де аз болған жоқ.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020
Сағынтаев Алматының тарихи орталығындағы құрылысты тоқтататыны туралы мәлімдеді
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тарихи ғимараттарды сақтап қалу мақсатында ерекше аймақтарда құрылыс жүргізуді реттейтін арнайы ережелер әзірленетіні туралы мәлімдеді.
Б. Сағынтаев: Алматының орталығы мен шетіндегі айырмашылық жойылады
Бүгін «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматы» кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және келер жылы атқарылатын ауқымды жұмыстар туралы баяндады.