Қаржы • 23 Желтоқсан, 2021
Дүрбелеңнің басы – қаржылық алаяқтық
Жыл соңына қарай зейнетақы қоры маңайынан шыққан дүрбелең оңай жолмен олжа іздегендердің оң жамбасына келгені анық. Себебі дәл осы кезде әуре-сарсаңға түскен жұрттың шарасыздығын ұтымды пайдаланған қаржы алаяқтары қалталарын біразы қалыңдатып алды. Аяқ астынан туындайтын осындай дүрбелең кезінде халықтың дені қарапайым қауіпсіздікті естен шығарып алып жатады.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2021
Әр адам – туған топырағының жыршысы. Мейлі ол өнер саласына қатысы жоқ болса да, алғаш табаны тиген жерді мәңгілік биігіндей бағалайды. Дегенмен де сол сұлу сезімді бастан кешіп қана қоймай, халыққа жеткізетін өнер иелері екені даусыз. Оған сіздерге ұсынып отырған картина куәлік етеді.
Бокс • 23 Желтоқсан, 2021
Үздік шыққан боксшылар ел намысын қорғайды
Бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Оралға еліміздің барлық өңірінен келген 212 боксшы 13 салмақ дәрежесінде өзара жеңімпазды анықтады.
Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2021
Сәуле Самаева:«Таңғажайып дүниені» маған арнап еді
Қазақ әдебиетінде орны бөлек жазушы Қабдеш Жұмаділовтің арамыздан аттанғанына да бір жылға жуық уақыт болды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып, өмір бойы қаламын тастамаған жазушының артына қалдырған мол мұрасы туралы әдебиеттанушылар мен сыншылар көп жазды, насихаттады. Жазушымен жарты ғасырдан астам отасқан жары Сәуле Әукенқызы Самаева бізге қаламгермен қалай кездескені, оның мінез-құлқы, шығармашылық әлемі, бала тәрбиесі туралы айтып берген еді.
Экология • 23 Желтоқсан, 2021
Оталған ормандардың орны тола ма?
Солтүстік Қазақстан облысының ормандары – ел аумағындағы ең ірі орман ресурстарының бірі. Теріскейдегі өңірді «Ақ қайыңдар аралы» деп те атайды. Қазір облыста 12 орман шаруашылығы кәсіпорны және «Красный бор» атты жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi шаруашылық жұмыс iстейдi.