Пікір • 24 Желтоқсан, 2021
Осының бәрі еркіндіктің арқасы
Тәуелсіздік жолын таңдап, жаңа қоғам құрғанымызға 30 жыл толыпты. Алғашқы сәтте болашағымыз түгілі күні ертең не боларын болжай алмай дағдарған кезіміз көп болғанын жасырудың жөні жоқ. Бірақ елдің бірлігі мен төзімі бәрін жеңіп шықты. Біз жас мемлекеттің тізгінін ұстаған қайраткерге сендік. Кешегі ғасырдың соңына дейін жарты әлемге билік жүргізген алып Одақтан біз секілді жаңа бөлініп шыққан мемлекеттердің біразы бірауызды бола алмай, үй ішінен үй тігіліп жатты. Ойындағысы осылайша оңай орындала қойғаны сыртқы күштердің де қолайына жаққаны анық.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2021
Құтқарылған адам саны – 11 мың
Биылғы 11 айда еліміз бойынша 12 мыңнан артық төтенше жағдай тіркеліп, 11 мыңнан артық адам құтқарылған. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, тіркелген төтенше жағдайлар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға азайған.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2021
Нарықтағы цифрландыру деңгейі қандай?
Цифрландыру үрдісіне бұрын жете мән бермей жүрген болсақ, пандемия кезінде оның қадірін жақсы ұғынғандай болдық. Әсіресе, банк қызметін пайдалану кезінде онлайн форматтың аса тиімді екені байқалды. Бірақ бірді-екілі қаржы ұйымынан өзгесі әлі толыққанды цифрландыруға дайын емес.
Елорда • 23 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтанда 30 жыл ішіндегі қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі еліміздің бас қаласының жетістіктеріне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Кездесуге мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Таным • 23 Желтоқсан, 2021
Қазақстанның Өзбекстандағы тұңғыш Төтенше және өкілетті елшісі Сайлау Батырша-ұлы туралы әңгімені әріден бастағым келіп отыр. Себебі бүкіл саналы ғұмырын дипломатия саласында өткізіп келе жатқан кәсіби тәжірибесі зор, білікті маман С.Батырша-ұлының Отан игілігі үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз.