Коронавирус • 30 Желтоқсан, 2022
Өткен тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 30 Желтоқсан, 2022
ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасы әшкереленді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып саналатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 30 Желтоқсан, 2022
Міржақып десе – «Оян, қазақ!», «Оян, Қазақ!» десе – Міржақып еске түседі. Соны санаға орнықтырып, бекіте түсер сериал дүниеге биыл келді десек, артық айтқандық емес шығар. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян, Қазақ!» сериалы жарыққа шыққалы елдің ықыласына бөленді. Жақсы пікірлер айтылды. Біз туынды басталған бетте «ойбуй, «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалында ойнаған Міржақыптың өзі дұрыс еді-ау» деп қылп ете қалғанбыз. Сөйтсек, шығармашылық топ қателеспепті. Ең бастысы, Жақаң (Міржақып Дулатұлы) рөлін сомдайтын әртісті о баста, Ахмет Байтұрсынұлын түсіргенде жаңылмай дәл тапқан. Басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев бұл жолы да алып шыға алған Жақаңды.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2022
Жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының биылғы Мемлекеттік сыйлық алған «Тағдыр толқыны» атты романын қызығып оқып шықтым да, терең ойға қалдым. Арғы дәуірлерді айтпағанда, өзіміз дүниеге келіп, бала болсақ та шет жағасын көрген жиырмасыншы ғасырда халқымыз түрлі тауқыметті бастан кешті.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2022
«Реформалық өзгерісті оған шын сенетіндер ғана жасай алады», дейді Теодор Рузвельт. АҚШ тарихындағы ең ұлы көшбасшылардың бірі саналатын ол ел тәуелсіздігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосты. Расында, кез келген мемлекетте іргелі өзгерістер белгілі бір оқиғалармен астасып жатады. Биыл жыл басы Қазақ елі үшін ауыр қайғымен басталды. Қаңтар қасіреті талай боздақтың өмірін жалмағаны белгілі. Дегенмен осы оқиға ел еңсесін тіктеп, биліктің таңдау жасауына ықпал етті.