Білім • 01 Қыркүйек, 2021
Алматыда өткен білім форумы барысында жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үздік педагогтер мен білім беру ұйымдарын марапаттады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2021
Бүгін ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
Бүгін сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Жоғалғандарды іздеу жалғастырылып жатыр
Өткен аптада Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада болған жарылысқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия өңірге келіп, оқиғаның зардаптарын жою мақсатында тиісті жұмыстар атқару үстінде. Бүгінде мұндағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағы тазартылып жатыр.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2021
Қарулы Күштердің барлық қоймаларындағы оқ-дәрілерді тексеру комиссиясының құрамы тағайындалды. Оған Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық етеді.
Экономика • 01 Қыркүйек, 2021
Тұқым шаруашылығындағы тың шешімдер
Тоқсаныншы жылдардың соңында отандық тұқым шаруашылығының жағдайы өте ауыр болғаны белгілі. Алқаптардың басым бөлігіне сапасыз тұқым егілді, тұқым өндірушілердің ортақ желісі болмады, жоғары репродукциялы тұқым өндіру көлемі өте аз еді. Сол себепті 2000 жылдан бастап мемлекет тұқым шаруашылығы саласының жай-күйін жақсарту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдады.