Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019
Жылу беруге дайын, қабылдау жағы қиындау
Облыстың орталығына жылу беретін «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің соңғы мәліметіне қарағанда, қаладағы балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беру 16 қыркүйектен басталып кетті. Тұрғын үйлерге жылу беру 20 қыркүйекке жоспарлаған-ды. Алайда күздің мизамшуағы әзірге суық туралы ойлатар емес.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019
«Қыс шанаңды жазда сайла» дегенде, еліміздегі қысы қаһарлы өңірде жылыту маусымына дайындық ерте басталды. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын. Оның сыртында 18 шақырымнан астам жылу құбыры желісі, 91 шақырым су және кәріз құбырлары жөнделді.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019
Халықтың атқарушы билікке деген сеніміне селкеу түсіретін, қоғамдық көңіл күйдің төмендеуіне тікелей әсер ететін мәселелердің бірі – суық қолды ұрылардың қылмыстық іс-әрекеті және бұл қылмыстардың көпшілігінің тиісті орындар тарапынан ашылмауы. Мұның ішінде, әсіресе «мал қайғысы – жан қайғысы» дейтін, «мал, жан аман ба?» деп хал сұрасатын қазақ қоғамында мал ұрлығының белең алып тұрғаны қарапайым тұрғындарды қынжылтып отыр.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019
Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2019
«Қайырымдылық керуені» бүгінгі күн батырларын іздейді
Бұл туралы Қостанайда «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы туралы журналистерге брифинг өткізген Қостанай облысы Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері айтып берді. 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қайырымдылық керуені» ІІ республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталады. Оны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ұйымдастырып отыр.