Саясат • 01 Қыркүйек, 2020
Ата Заң және қазақстандық патриотизм
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз», деп атап өтті. Осы пайымдардың қазіргі жағдайда өзектілігі айрықша екені айқын. Ұлттық сананы сақтау мен жаңғырту қазақстандық патриотизм ұстанымын шынайы қалыптастыру мен оны нығайту мәселелерімен ұштасып жатқаны анық.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 11-14 қыркүйегі күндері сол кездері Кеңес Одағының құрамында болған Беларусьтың бас шаһары – Минскіде күрес түрлерінен әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы жарыс жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Себебі классикалық күрестен өткен додада Қазақстанның үш бірдей өрені өнер көрсетіп, барлығы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша отандық күрес мектебінің түлектері КСРО-ның басты додасында бұрын-соңды болмаған орасан зор нәтижеге қол жеткізді.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
Соңғы жылдары саламатты өмір салтын ұстанған солтүстікқазақстандықтардың саны артуда. Ресми мәліметке қарағанда бұқаралық спортпен шұғылданатын жерлестеріміздің саны биыл 176 мыңға жеткен. Олардың қатарында зейнет жасына жетсе де, кәрілікке бой алдырмай жүрген қарттар да баршылық. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны, марафоншы Қазыбек Бекеев.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020
Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды
Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті тапсырылды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді.
Оқиға • 01 Қыркүйек, 2020
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп біздің алдымызға нақты міндет қойып отыр.