Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев Италия Президентін елорда әуежайынан шығарып салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Трамптың жоспарын қолдайды
Қазақстан Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қыркүйек, 2025
«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета бастады
Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 30 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді
Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2025
Тіл – халықтың жаны, жүрегі, тарихы. Ұлттың ұлт болып сақталуы ең алдымен оның ана тіліне байланысты. Егер тіл жойылса, сол халықтың болмысы, мәдениеті мен рухани қазынасы да жоғалады. Сондықтан «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» деп бекер айтылмаған.