Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2025
Бейсенбай Тәжібаев жаңа қызметке тағайындалды
Кейінгі 3 жылда Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бейсенбай Тәжібаев Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруимен кездесуінде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Шымкентте судьялар спорттан сынға түсті
Жуырда Шымкентте Қазақстан Судьялар одағы XI Спартакиадасының финалдық кезеңі өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысты. Бұл сында судьялар спорттың 9 түрінен атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан өзара бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Елордада ерекше балалар сайысты
Астанада онкологиялық ауруларды, сүйек кемігі кеселін жеңген, ағза трансплантациясы жасалған, ерекше балалардың спорттық Qaisar Games 2025 ойындары өтті, деп жазады Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 30 Қыркүйек, 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар – әділетті қоғамға бастайтын жол
Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік кеселдерінің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаттарын әлсіретіп, халықтың мемлекетке деген сенімін төмендетеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, жемқорлық инвестициялық ахуалды нашарлатып, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Сол себепті Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қарастырылады.