Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022
Даласы қазыналы Қызылжар: Төрт түлік өсірушілердің слеті табысты өтті
Ауыл шаруашылығының ірі саласының бірі – мал өсірушілердің дәстүрге айналған слеті биыл Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Чапай ауылында өтті. DALASY QAZYNALY QYZYLJAR деген атау алған слетттің Қызылжар өңірін таңдауы тегін емес. Слетке қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Солтүстік Қазақстан облысының мал өсіру бойынша еліміздің алдында келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтты.
Елорда • 01 Қыркүйек, 2022
Елордада дәстүрлі жәрмеңке басталды
Нұр-Сұлтанда өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Әр сенбі мен жексенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңке 13 қарашаға дейін жалғасады. Елордада алғашқы болып Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынды.
Білім • 01 Қыркүйек, 2022
Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жекеменшік жоғары оқу орындары ректорларымен кездесті. Жиын барысында бизнес қоғамдастықпен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктері мен жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Білім • 01 Қыркүйек, 2022
Мектеп тауарларын таңдағанда...
Жаймашуақ жаз да көрген түстей өтті де кетті. Бұл – ата-аналар балаларын мектепке әзірлеп әбігерге түсетін мезгіл. Жаңа оқу жылына жаңа форма, жаңа оқу құралдары қажет. Әйтсе де облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кеңсе тауарларынан басқа, костюм-шалбар, аяқкиім, сөмкені сатып аларда мұқият болуды ескертеді. Оқушыға мектеп формасын таңдау өте маңызды, себебі 9 ай бойғы тіршілігі сонымен байланысты.
Білім • 01 Қыркүйек, 2022
Үздік мектепке – 34 млн теңге, 100 балаға – білім гранты
Қызылордада мыңға жуық педагог қатысқан тамыз кеңесінде білім саласының өзекті мәселелері қаралып, үздік ұстаздар марапат мінберінен көрінді. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, мәслихат депутаттары және сала ардагерлері, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.