Пікір • 02 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды бетбұрыс деп қабылдадым. «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады», деді Президент өз сөзінде. Әділдік бар жерде, береке бар, берекелі қоғам бар. Ал әділдік жоғалған жерде адам өмірінің берекесі болмайды.
Сұхбат • 02 Қыркүйек, 2022
Азаттық күресінің бастауында тұрған тұлға
Әр сөзімен һәм ісімен ұлт өресін өсіруді көздеген Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы ұлттық сананы жаңғыртудың айнымас бағдары десек артық айтпаған болармыз. Қайраткердің 150 жылдығына орай жер-жерде Ахаң мұрасын айшықтайтын айтулы шаралардың салтанат құруы, тұлға тағылымының қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет ететін кемел жол екенін тағы бір айқындайды. Осы орайда белгілі ахметтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлына бірер сауал қойған едік.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, қайраткер, қысқасы, жалпақ қазақ бірауыз сөзбен ұлт ұстазы деп дәріптейтін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт руханияты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Түрікменстаннан Керекуге көш келді. Он бір отбасыдан тұратын қандастарымыз Ертіс-Баян өңіріне аман-есен жетіп, осында тұрақтап қалудың қамына кірісті. Атажұртын аңсап жеткен ағайынды жергілікті жұртшылық пойыздан салтанатпен қарсы алып, құрмет-қошеметін көрсетіп, дәм-тұзын ұсынды.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Бұрын жолдың сапасына байланысты Үкіметті жиі сынайтын едік. Сөйтсек, атқарылмай жатқан көп шаруаның астарында біз білмейтін сыр көп екен. Алысқа бармай-ақ елдегі жолға назар аударсақ жеткілікті. Біздің Үкіметтің елдегі жолды жөндеуге асықпайтыны да қауіпсіздік мәселесін ойлағаннан секілді.