Пікір • 02 Қыркүйек, 2022
Балаларға бағытталған бірегей қолдау
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жолғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Енді Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлінеді. Балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Мемлекет басшысы жобаны іске асырудың нақты мерзімін де белгілеп берді, яғни аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ.
Пікір • 02 Қыркүйек, 2022
Рақымшылық – ең маңызды жаңалық
Жолдауда көтерілген әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселенің барлығы сөзсіз, маңызды. Бірақ Мемлекет басшысының «Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым» деген сөзін «Қасіретті қаңтардың» себеп-салдарымен бүгінге дейін айналысып келе жатқан біздер ерекше қуанышпен қабылдадық. Біз үшін бұдан асқан маңызды жаңалық жоқ!
Пікір • 02 Қыркүйек, 2022
Мақсат – мықты демократия орнату
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстан құрудың мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарын тиянақтап берді. Президент елімізді алға жетелейтін және алдағы уақытта болатын саяси өзгерістерді де ашық айтты.
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2022
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жаңа сессиядағы алғашқы отырысы өтті. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын белгілеп бергенін атап өтті.
Пікір • 02 Қыркүйек, 2022
Ел еңсесін көтеретін бастамалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.