Теннис • 28 Қыркүйек, 2020
Roland Garros турнирі басталды
Кеше Парижде теннисшілердің «Үлкен дулыға» санатына жататын жарыстарының бірі – Францияның ашық біріншілігі басталды. Бұл жолы осы турнирдің жүлде қоры 38 000 000 долларды құрап отыр.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2020
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Ресейде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде жарыс қожайынымен бақ сынап, алғашқы раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2020
Егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі саналатын астанамыз Нұр-Сұлтанның айшықты көрінісі фотографтардың объективінен түспей келеді. Небір әдемі көріністерге арқау болған қаланың көз тартар келбеті жыл мезгілдерінде өзіне тән ерекшелігімен құлпыра түседі. Бұл жолы National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының үздік фотосуреттерін жинақтап, «Ұлы дала жүрегі» көрмесін ұйымдастырып жатыр.
Пікір • 28 Қыркүйек, 2020
Намысымызды өз өрендеріміз ғана қорғай алады
Футбол мен оның тағдыры балалардың балауса көңіліндегі қиял әлемі еді, алыстағы армандарға жетудің баспалдағы сияқты болатын. Ала доптың соңынан жүгірмейтін бала бола ма? Ол баршамыздың қиялымызды ұштады. Сонау жылдары «Тимур Сегізбаев боламыз» деп бүкіл ауыл баласының аңсары спортқа ауды, қададан жасаған қақпаға алаөкпе болып ұмтылған алашапқын кезінде өздерін шынықтырып, шыңдады.
Футбол • 28 Қыркүйек, 2020
Коронавирус пандемиясына байланысты екі рет кейінге шегерілген футболдан Қазақстан чемпионатының 10-тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл турда топ басында келе жатқан командалар ұпайдан шашау шығармай, қарсыластарынан басым түсті.