Ауыл • 26 Қыркүйек, 2017
Қай саладағы болсын жетістігімізді, оң өзгерістерді немесе тамаша табиғатымызды шетелдермен салыстыруға бейімбіз. Мысалы, солтүстік өңірінің тұрғындары Бурабайды, шығысқазақстандықтар Катонқарағай жерін, оңтүстікқазақстандықтар Түлкібас пен Төле би ауданы аумағындағы таулы аймақты «екінші Швейцария» деп атауға құмбыл, бейресми түрде. Әсіресе, Швейцарияның көз тартар әдемілігіне куә болып, шегі жоқ өзендерін тамашалап, Альпі тауларының мақпалдай самалын сезініп, сарқырамаларды, адам жанын тыныштандырар көк шалғындар мен жүзімдер алқабын көргендер. Әрине, салыстыру бәсекелестікке бағыттап, бірдей болуға немесе озық шығуға жетелейді. Осы орайда басқаны қайдам, түлкібастықтар туризмді дамытып, Швейцариядай болуға талпынуда.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2017
Астанаға 27 қыркүйектен бастап жылу беріледі
Қала басшылығы мәлімдегендей, қазіргі уақытта астананың энергия көздері, инженерлік желілері мен тіршілік етуді қамтамасыз ету нысандары 2017/18 жылдардағы жылу маусымын бастауға дайын.
Өткен жылдың көктемі еді. Редакцияға Майра Қабимолдина деген газет оқырманынан хат келді. Автор онда өзінің Шығыс Қазақстан өңірінде туып өскенін, 60-жылдардың ортасында сондағы Марқакөлге жақын елді мекенде мектеп бітіргенін жазыпты. «Мемлекеттік емтихан аяқталған соң экскурсияға шықтық, – дейді ол одан әрі. – Таудағы қаптал жолмен жүріп отырып асуға жеткенбіз. Сонда жолбасшымыз өзіміз көтерілген соқпақ сорабын 1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен австриялық тұтқындар салғанын айтқан еді.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2017
Жақында «Жібек жолы» баспасынан қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің «Ділім» атты кітабы жарыққа шықты. Мұнда автордың әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық симпозиум-конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері берілген.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2017
қызылжарлық ақын Ғалым Малдыбаев ғибраттарынан бір үзік сыр