Энергетика • 27 Қыркүйек, 2024
Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция, Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болыпты.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар», деген болатын.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Мәдени мұраларды қорғау бастамалары
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтаудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024
Терең өңдеу жобалары іске қосылады
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауылшаруашылық нысандарында болып, өңірде іске асырылып жатқан бірқатар маңызды жобамен танысты. Астықты аймақта ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік жобалар белсенді дамып келеді. Жаңа өндіріс орындары өңірдің аграрлық сектордағы позициясын нығайтып, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына сеп болып отыр.
Өндіріс • 27 Қыркүйек, 2024
Қайтарылған кеніштің «қара алтыны»
Тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіне шетелдік инвесторлар қызығушылық танытты. Бұл алдымен әлем назарын аударған «Теңіз» кенішінің игеріле бастауымен байланысты еді. Шетел инвесторларының аңсары ауған кен орындарының бірі – Кенбай.