Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020
Атырауда шектеу шаралары 12 қазанға дейін созылады
Мұнайлы өңірде карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін созылады. Осыған орай бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Асылбек Шаровтың арнайы қаулысында "Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден 12 қазан сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын" делінген, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Бақыт Амангелдіқызы Есімова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Қыркүйек, 2020
Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысы барысында депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елбасы • 28 Қыркүйек, 2020
Елбасы Түркістан қаласына барды
Бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020
Атырауда шатырдан секіруге оқталған бала құтқарылды
Бұл оқиға кеше, 27 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында болған. Б.Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде жалғыз қалған жасөспірім төмендегі дүкен шатырына балкон арқылы шығып, жерге секіруге оқталған, деп хабарлайды Egemen.kz