Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2023
Тәртіп сақшыларына – жаңа көлік
Павлодарлық тәртіп сақшыларына облыс әкімі жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін тапсырды.
Энергетика • 01 Қыркүйек, 2023
Жақып ХАЙРУШЕВ: АЭС салу – уақыт талабы
Еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы энергетика саласына негізделген. Өткен жылы электр қуатын тұтыну кейінгі жылдардағы көрсеткіштен 6 есе асыпты. Мамандар болашақта электр энергиясына деген тапшылық арта түсетінін, одан шығудын бірден-бір балама жолы атом энергетикасының әлеуетін қолдану екенін алға тартып жатыр. Бүгінгі таңда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аталған саланы дамыту күн тәртібіндегі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналып отырғаны бар. Бұл ретте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, елімізге еңбек сіңірген энергетик Жақып Хайрушевті сөзге тартып, аталған тақырыпты жан-жақты талқыладық.
Қаржы • 01 Қыркүйек, 2023
KASE өкілдік қоржынына өтімділігі жоғары эмитенттер ғана түсе алады. Өзіндік дивиденд тарихы бар кәсіби нарық ойыншыларының табыстылығына қарай инвестордың да көзқарасы қалыптасады.
Үкімет • 01 Қыркүйек, 2023
1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Президентінің Жолдауларын орындау аясында экономикада, мемлекеттік секторда және әлеуметтік салада бірқатар маңызды шаралардың іске асырылуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 01 Қыркүйек, 2023
Ресейлік арзан өнім қыспағынан қалай құтыламыз?
Мамандардың жанайқайынан ұққанымыз – қазір отандық тамақ өнеркәсібін одан әрі дамыту емес, өндірістің қазіргі көрсеткіштерін сақтап қалу мәселесі өзекті болып тұр. Тамақ өнеркәсібі комитеті мүшелерінің пікірінше, тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық кәсіпкерлер бұрынғыдан да мемлекеттің қолдауына мұқтаж.