Білім • 01 Қыркүйек, 2023
Жаңа оқу жылында 154 мектеп пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 01 Қыркүйек, 2023
Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бітім-болмысы, шығармашылық мұрасы зерделеніп біткен жоқ. Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Блогер салық төлейді, дәрігер мен тәрбиешінің жалақысы артады
Бүгіннен бастап елімізде блогерлер салық төлеуге міндетті болады. Үйінде ит-мысық асыраушыларға үй жануарын тіркеу талабы қойылады. Дәрігерлер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы артады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инновация • 01 Қыркүйек, 2023
Алматының Алатау ауданында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында инновациялық орталық ашылды. Қарқынды дамып келе жатқан ауданда биыл 1-сыныпқа баратын балалардың саны 6 мыңнан асса, қаладағы 302 мыңнан астам оқушының 55 мыңы осы ауданда тұрады.
Тұлға • 01 Қыркүйек, 2023
Ойға сыятын сөз болады. Бойға сыятын сөз болады. Ойға сыйған сөздің бәрі бойға сыя бермейді. Сөздің сұлтаны – ойға да, бойға да сыятын сөз.Интернет иірімдеріне бір батып, бір шығып, ілік-деректі індете жүріп, мынандай жолдарды жолықтырдық. «Көргені көп болған соң көшелі сөз айтатын...» деп басталыпты бір сұхбат. Сол сұхбат беруші басқа бір тұста «Ақылымның асқанынан емес, көргенімнің көптігінен айтамын» депті. «Көргені көпке» көнерсіз-ау, ал «көргенімнің көптігіне» не дер едіңіз? Сәл тосылып қаларсыз. Ал біз тосылмаймыз. Неге? Негесі сол, бұл сөздің оны айтқан адамның ойына да, бойына да бірдей сыятынын бір кісідей білеміз. Осы азаматпен – халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кем қойғанда жиырма жылдан бері жақын араласып-құраласып, сыйласып, сырласып келеміз. Енді, міне, өмірінің жетпіс бес деген биік белесіне шыққан тұсында аз-кем жылы сөзімізді арнауға бекініп те отырмыз.