Банк • 02 Қыркүйек, 2025
850 мың отандасымыз несиесін төлей алмай жүр
Елімізде қарызын қайтара алмай жүрген адамдардың саны көбейіп барады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, қазір 500 мыңнан астам адам банк алдындағы несиесін төлей алмай жүр, ал тағы 350 мың азаматтың микрокредиттік ұйымдарға қарызы бар. Яғни, елде шамамен 850 мың адам қаржылық тәуекел аймағында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2025
АҚШ визасы қазан айынан бастап қымбаттауы мүмкін
АҚШ билігі 1 қазаннан бастап жаңа visa integrity fee деп аталатын қосымша алым енгізуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс күшіне енсе, туристік, студенттік, жұмыс және басқа да иммиграциялық емес визалардың бағасы қазіргідей 185 доллар емес, 435 доллар болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Байқоныстағы қазақ мектебі «Келешек мектеп» ғимаратына көшті
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мектеп оқушылары су жаңа – «Келешек мектеп» ғимаратына көшті деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік сала мен еңбек нарығы жаңғыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы түрде өзгерту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.