ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Қоғамда әрбір жұмысшының еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Әсіресе адал еңбек ететін азаматтардың абырой-беделі биік болуы керек. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейінгі Жолдауларында айтты. Қазір жұмысшы мамандарға халықтың көзқарасы өзгеріп, құрметі артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбек адамының қоғамдағы орнын, беделін тағы бір айқындап бергендей болды.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Банк сегментінің елеулі белесі басталады
«Бізге банктер туралы жаңа заң қажеттігі тәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылатын. Шыны керек, қолданыстағы заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер мүлдем ескерілмеген. Халықаралық тәжірибеде заң шеңберінде реттеліп келген кейбір мәселелердің біздің елде күрделеніп кетуі банктер туралы заңның қазіргі заман талабына сай болмауынан».
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясының ашылуында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Жұмысшы мамандықтарын қолдау артады
Биыл да әдеттегідей Президент Жолдауының басым бөлігі халықты әлеуметтік қолдау саласына арналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мәселесін үнемі жіті назарда ұстап келеді. Сонымен қатар келесі жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадам деп айтуға толық негіз бар.