Энергетика • 03 Қыркүйек, 2024
Атом электр стансасы туралы қоғамдық тыңдау елдің барлық өңірі мен ірі қалаларда өтті. Онда әрқилы ой мен пікір ортаға салынды. Саладағы саңлақ ғалымдар атомды өркениет игілігіне айналдыруға болатынын айтып, орынды ойлар мен мағыналы мысалды алға тартады.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2024
Орта дәлізді дамытатын 10 басымдық
Еліміз үшін Транскаспий дәлізінің дәл қазір пайдасы айтарлықтай көп емес. Бірақ бізге келешектегі мүмкіндігі маңызды. Қазірдің өзінде күн санап кеме саны өсіп, ай санап айлақтар іске қосылып жатыр. Осының өзі олжа. Дүниежүзілік банк таяуда жариялаған баяндамасында 2030 жылға таман Транскаспий дәлізі арқылы сауда айналымын 3 есе арттырудың тәсілін тізбелепті. Бізге қатысты болған соң, оқырманмен бөлісуді жөн деп таптық.
Өндіріс • 03 Қыркүйек, 2024
Осыдан 10-15 жылдай бұрын құрылыс қыза түсетін жаз айларында қажетті материал іздеп табанынан таусылып жүргендерді жиі байқайтынбыз. Қазір оның бәрі ұмытылды. Баспана салдырғандар бұрынғыдай тапқанын таси бермей, материалдың сапасына ден қоя бастады. Осы күні Сырда үйдің іргетасын қалап, ауласына бетон құйғызатындардың көбі құрылыс дүкеніне барса алдымен жергілікті «Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС шығаратын тампонажды цементті іздейді.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауы – жылдың басты құжаты. Жолдаудан қоғамда қордаланып қалған сұрақтарға жауап күтетініміз де сондықтан. Биылғы Жолдаудың басты мұраты да осы еді.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Басымдық энергетикалық тепе-теңдікке бағытталады
Қазіргі кезеңде елімізге қажет болып тұрған шетелдік инвестиция көлемі бұған дейінгі екі он жылдықтың қажеттілігінен де асып түсейін деп тұр. Тек инвестициялық ағынды күшейту арқылы сапалы экономикалық өсімге қол жеткізе аламыз.