Таным • 03 Қыркүйек, 2024
Баянауылдағы Қоңыр әулие үңгірі
Арқа даласының жер маржаны Баянауылдағы тылсым әрі ғажайып орындардың қатарында Қоңыр әулие үңгірінің алар орны зор. Бұл – Қоңыр әулиенің есімі берілген әлемдегі сегіз үңгірдің бірі. Оны көпшілік Қызыл Ілиястың, Қызыр атаның мекені деп те атайды.
Жастар • 03 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі буынның саяси белсенділігі қандай?
Тәуелсіздік алғалы бері түрлі саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жетістіктер еліміздің әлемдегі орнын нықтауына негіз болды. Бұл ретте жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымының өзіндік маңызы, алар орны ерекше. Қазіргі орда бұзар жастағы отандастарымыздың саяси көзқарас-пайымы қандай?
Форум • 03 Қыркүйек, 2024
Татарстан астанасында жаһандық ІІІ жастар саммиті өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, эколог Мәди Алдабергенов, режиссер Шыңғыс Мақанов арнайы қатысты. Басқосуда цифрландыру және жастар саясатының заманауи құралдары талқыланды.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2024
Конституция күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 85 отбасыға «Sun City» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан аса уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2024
Екібастұз қаласына қарасты Зеленая роща ауылының оқушылары жаңа оқу жылында тамаша сыйлыққа кенелді. «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров өз қаражаты есебінен ауыл мектебінің бастауыш сыныптарына арналған қосымша ғимарат салып берген. Бұдан былай ауыл балалары бір ауысымда оқиды.