Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Университет экожүйесін дамыту қадамы
Сапалы білім – кез келген мемлекеттің даму көрсеткіші. Осыған байланысты еліміздегі жоғары оқу орындары экожүйесін бәсекеге қабілетті ету уақыт талабынан туындап отыр. Кейінгі жылдары республикадағы білім сапасына, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы, оқытушылар құрамы мен білім бағдарламаларын жетілдіру мәселесіне қатысты сын жиі айтылады. Әсіресе рейтинг көрсеткіші мен білім сапасы сәйкес келе бермейтін университеттердегі білім үрдісіне алаңдаушылық басым.
Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Сыр бойы студенттері жатақханадан тарықпайды
Жаңа оқу жылы қарсаңында жаз бойы жайма-шуақ жатқан шаһарда абыр-сабыр тіршілік басталады. Өйткені қаздай тізіліп, мектепке бет алған оқушылар мен топтасқан студенттер тағы бір оқу жылының бастау алғанын білдіреді. Осындай сәтте бір үйдің үмітін арқалап, қалаға жеткен жастарды ойландыратын басты мәселе – жатақхана екені рас.
Мектеп • 03 Қыркүйек, 2024
Өскеменде жаңа қазақ мектебі ашылды
Жаңа оқу жылы қарсаңында Өскеменде көпшілік көптен күткен №50 орта мектептің есігі оқушыларға айқара ашылды. Көпшілік күткен дейтініміз, «Нұрлы жол» шағын ауданындағы 600 орындық бұл мектеп аралас болып кетуі әбден мүмкін еді. Әйтеуір, құзырлы органдар көпшіліктің сұрауына қарай таза қазақ орта мектебі болады деп шешкен.
Жоба • 03 Қыркүйек, 2024
Маңғыстау облысында 50 тірек мектебін бекітіп, еліміздің жетекші мектептерімен ынтымақтаса отырып, кешенді әдістемелік қолдау тетіктері арқылы білім сапасын арттыру мақсатында тұңғыш рет «Отпан» жобасы іске асырылып жатыр.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2024
Қазір «атамыз болыс болған» дейтін замандастар аз емес. Бір қызығы, мұны өзге емес, өздері жарнамалап жүреді. Заман түзелді, бәлкім «өшкеннің жанғанын» айтқан да дұрыс шығар. Жазда минерал суы бар шипажайда демалғанды дұрыс көретінбіз. Биыл да сонда бардық. Тұрақты келетіндерді көріп, шүйіркелесіп жатырмыз. Соның бірі – жылда Келес жақтан отбасымен тынығатын мұғалім Ермек Сыдықұлы. Әу баста қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, кейін сурет пәніне ауысқан. Мамандықтың екеуін де Шымкент пединститутынан алған. Момын, біртоға, жауапты азамат.