Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Басты тақырып: Өңірлік БАҚ пен балалар контентінің ахуалы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 медиа апталығының екінші күнінде отандық бұқаралық ақпарат саласының, әсіресе мерзімді басылымдардың мәселесін көтеріп, түйткілінің тамырын тап басқан қызықты да пайдалы панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024
Цифрлы әлемнің есігін қағып тұрмыз
Неміс экономисі Вернер Зомбарт «Экономиканың басты қағидасы – алысқа қарау» дейді. Уақыт сынынан өткен бұл пікірге ешкімнің шүбәсі жоқ. Егер дәл қазір алысқа қарар болсақ, цифрлық трансформация төрімізден орын алуы қажет. Оның ішінде қаржы саласының цифрлық экожүйесін құру маңызды. Сөзімді қуаттай түсу үшін «KPMG» жүргізген зерттеуді мысалға алайын. Сатылымы 1 млрд доллардан асатын компаниялардың 59%-ы қаржылық үдеріске жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданған. Ал «Cofinpro AG» жүргізген зерттеуден бәсі биік банктердің 52%-ы машиналық оқыту әдісін енгізгенін көреміз. Осы тұста оқып отырған сізді, жазып отырған мені де мазалайтын екі сұрақ бар: Жаһанды жаулаған осы үдеріске біз үлгердік пе? Банктеріміздің бабы келісті ме?
Мәселе • 27 Қыркүйек, 2024
Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қысқа 326 мың тонна отын қажет. Көмірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Мамандықты дұрыс таңдау маңызды
Жолдауда ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың назарын аударғаны рас. Мемлекет басшысының Жолдауы елдің дамуын, ертеңге деген бағыт-бағдарын айқындап берді. Әрине, елімізді өркендету үшін әр салаға көңіл бөлінгені маңызды.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында жүзге жуық бастама көтеріліп, міндеттер белгіленді, тапсырмалар берілді. Қоғамның әрбір сегменті бұл бағдарламадан өздеріне қажетті кейс тапты. Ең бастысы, бұл жолы да азаматтардың өмір сүру сапасын, олардың табысын арттыруға баса назар аударылды.