Саясат • 04 Қыркүйек, 2024
2024 жылғы 3 қыркүйекте 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды: 1. Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы; 2. Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері; 3. Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы; 4. Республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024
Береке ауылындағы кадет сыныбы
Атырау облысында орта білім беретін 225 мектеп бар, оған 150 мыңнан аса оқушы барады. Кеше бірінші сыныпқа 15 977 оқушы қабылданды.
Өндіріс • 04 Қыркүйек, 2024
Кәсіпорын ішкі сұранысты толық өтейді
Бизнес өрісін кеңейту бағытындағы мемлекет бағдарламасының шарапатын көріп отырған кәсіпорынның бірі – «Жас қанат-2006» құс фабрикасы. Бүгінде өндіріс үдерісін түгел дерлік цифрландырып, толықтай жаңа технологиямен жарақтанып алған ірі кәсіпорын бірталай жылдан бері өңірді сапалы әрі экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2024
Президент 100 ауылға 10 мың кітап тарту етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің 100 ауылының кітапханасына көркем әдебиет сыйға тартылды.
Digital • 04 Қыркүйек, 2024
Цифрлық инклюзия: Жаһандық үдеріс, заманауи талап
Кеше Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының үш күнге созылған Цифрлық инклюзивтілік және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы басталды. Ауқымды жиынға цифрландыру және ақпараттық технологиялар министрлері бастаған отыздан астам елдің делегациясы келді. Конференция цифрлық технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық алшақтықты қысқарту стратегияларын әзірлеуге, озық тәжірибелермен алмасуға, тұрақты дамуға ықпал ететін инновацияларды дамытуға бағытталған. Маңызды іс-шараға Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрландыру және IT министрлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.