Әлем • 27 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда жерұйық философиясы қауіпсіз қоғам ұғымымен сәйкеседі. Расында, үйде жүргендей сыртта да өзіңді еркін, қауіпсіз сезінетін, ұрлық-қарлық пен зорлық-зомбылықтан ада, құқық бұзушылық көрсеткіші жоққа тән қоғамды жерұйық деуге әбден болады. Кез келген мемлекет осындай ізгі қоғам құруға мүдделі. Осы орайда әлемде мұндай мамыражай қоғам құра алған, заң бұзушылық тіркелмейтін мінсіз ел бар ма деген сұрақ туады. Жалпы, адамдар қай елде өзін қауіпсіз сезінеді?
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Тізгінсіз Telegram: Желінің жаңа ережесі қылмысты жоюға көмектесе ме?
Қолданушылардың құқығын қорғау деген желеумен әлемдегі ең «жабық» желіге айналған Telegram мессенджері өзінің құпиялылық саясатын өзгертетін болды. Бұдан былай билік тарапынан тиісті сұратулар болған жағдайда заңға қайшы әрекет жасаған, қосымшаны қолдану ережелерін бұзған арналар мен боттардың IP-мекенжайлары, сондай-ақ телефон нөмірлері құқық қорғау органдарына берілмек. Бұл туралы 23 қыркүйекте цифрлық платформаның негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2024
Жастар мүмкіндігін кеңейтетін бағдарлама
«Болашақ» бағдарламасы 30 жыл бойы қазақ жастарының шетелде білім алуына, дамуына үлес қосып келеді. Осы уақытқа дейін біраз журналистер де стипендия иегері атанып, білім-білігін шыңдады.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2024
Медиасауаттылық – негізгі талап
Astana Media Week осымен сегізінші мәрте өткізіліп отыр. Алаңда жыл сайын заман ағынына сай тенденциялар мен өткір мәселелер қаузалып, журналистерге тәжірибелік сағаттар өткізіледі. Биылғы жиында дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда, жаңа медиаға көбірек көңіл бөлінген.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024
Екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік секторға деген ықыласы көңіл көншітпейтінін жиі айтып жүрміз. Банктер жыл басынан бері 1 трлн 38 млрд теңге табыс тапса да, ішкі жалпы өнімдегі қаржыландыру үлесі – айтарлықтай көп емес. Кейінгі кездері сынға түскен бұл мәселені Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп, бірқалыпқа түсіруге тырыспақ. Жыл соңына дейін ел ішіндегі тұтынушылық несиелендіруді азайтамыз дейді.