ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2024
Жұмысшы мамандарды көтеретін уақыт келді
Жалпы, әр жылғы Жолдаудың бір-бірінен айырмашылығы және үнемі байланысы болады. Олай дейтін себебім, мәселен, 2022 жылғы Жолдауда негізінен саяси бағыт басым еді. Ал былтыр Президент көбіне экономикалық мәселелерге кеңірек тоқталды. Биылғы Жолдауда негізінен барлық сала, біраз бағыт қамтылды. Өзім «Ауыл» партиясының мүшесі болғандықтан, Жолдауда айтылған оннан аса бағыттың ішінен мені асыраушы салаға қарата айтылған мәселелер көбірек қызықтырды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты Үкіметтен беріліп жатқан қаржының жетпіс пайызы мемлекеттік бюджеттің ақшасы екенін атап өтті.
Саясат • 04 Қыркүйек, 2024
Азия-Тынық мұхиты конференциясына қатысты
Астанада инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтіп жатыр. Пленарлық сессияға Үкімет басшысы Олжас Бектенов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК-тің атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана, сондай-ақ үкіметтер көшбасшылары мен технология сарапшылары қатысты.
Пікір • 04 Қыркүйек, 2024
Ауыл шаруашылығы – орта бизнесті нығайтудың бірден-бір көзі
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақыттағы еліміздің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Бүкіл Жолдаудың негізгі идеясы халықтың әл-ауқатын, табысын арттыруға бағытталды. Президент мақсатқа жетудің маңызды құралдарының бірі экономика құрылымын өзгерту, орта бизнесті нығайту және еңбекке әділ баға беру деді. Бұл ауыл шаруашылығына тікелей қатысты, мұнда саланың тірегі – күшті орта шаруа қожалықтары және жарты өмірін далада өткізетін кәсіби фермерлер.
ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қаралды.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2024
Білім күні Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп ашылып, алғашқы қоңырау салтанаты тұрғындардың көл-көсір қуанышымен көмкеріліп, әдемі әсерге бөледі.