Медицина • 27 Қыркүйек, 2023
Корей дәрігерлері – Қазақ елінде
Жезқазған қаласындағы медицина орталығы Оңтүстік Корей еліндегі Ёнсе университетінің клиникасымен әріптестік байланыс орнатқан еді. Соның нәижесінде аталған медорталықтың дәрігерлері Корей еліне барып, тәжірибе жинақтаудан өтсе, жуырда ол жақтың 11 дәрігері Жезқазғанға келді.
Ауыл • 27 Қыркүйек, 2023
Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екінші нысан пайдалануға берілді.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2023
Атырау облысында орта білім беретін 200-ден астам мектеп бар. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, биыл білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4 млрд 544 млн 527 мың теңге бөлінген. Оның ішінде оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен қамту үшін 1 млрд 676 млн 370 мың теңге қарастырылған.
Марапат • 27 Қыркүйек, 2023
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова Pro.NRG 2023 жаһандық фестивалінің «Science on Stage Kazakhstan» ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай әлеуметтік желідегі парақшасына орталық құрамындағы Абай институтының әлеуетін арттыруға күш салынып жатқанын жазды. Болашақта оны әлемдегі Гете, Юнус Эмре институттары деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Қазір мақсат айқындалып, тиісті жұмыстар да басталған.