Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Президент Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2019
Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті
«Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды. Бұл туралы «Отандастар қорының» баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2019
Сенат басшысы Дариға Назарбаевамен 24 қыркүйектегі кездесулер барысында парламенттер басшылары Еуразия елдері Парламенттері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны мен пікірсайыстардың мазмұнды болғанын атап өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2019
Көркем аударманың жайы алаңдатады
25-27 қыркүйек аралығында өтетін ПЕН клуб жазушыларының екінші халықаралық форумы Алматыда өз жұмысын бастады. Қазақ ПЕН клубы ұйымдастырып отырған әдебиет үшін маңызы зор әлемдік шараға 18 мемлекеттен 81 делегат келді. Форум қонақтары ретінде АҚШ, Германия, Түркия, Ресей, Англия, Моңғолия, Марокко, Литва, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және тағы басқа елдердің қаламгерлері, аудармашылары, сыншылары мен публицистері шақырылды. Осылайша Алматы тағы да әдебиет туралы маңызды әңгіменің орталық-өзегіне айналды.
Президент • 25 Қыркүйек, 2019
Президент отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеруді тапсырды
Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында жазды.