Саясат • 25 Қыркүйек, 2019
Сенат Төрағасының орынбасары Ауғанстан Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикері Мохаммад Файсал Самимен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019
Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз еңбек» жобасы іске қосылды
Елордада «Қауіпсіз еңбек» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2019
«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты - салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру, жастардың денсаулығын нығайту мақсатында тұзды кезең-кезеңмен 1 грамға төмендету бойынша нан, нан-тоқаш өнімдерінің мәзірін өзгерту.
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев актив отырысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысында үшінші күн электр стансасы салынды
Шет ауданындағы Ақадыр кентінде қуаты 50 МВт болатын күн электр стансасы пайдалануға берілді. Аумағы 125 гектар жерді алып жатқан нысанда қуатты қосалқы стансалар мен 150 мың гелиопанель орнатылған. «Ақадыр» деген атау алған күн электр стансасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлескен жұмысының нәтижесінде немістің Solarnet Investment GmbH компаниясының жеке инвестицияларына салынды.