Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Алматы облысында 938,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі
Биыл Алматы облысында кезекте тұрған 2 788 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2020
Үш Qazaq kuresi ұйымы бір ассоциацияға біріктірілді
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл трансформация ұлттық спорттың Қазақстанда және халықаралық аренада одан әрі дамуына қуатты серпін беруді көздейді. Бұған дейін Qazaq kuresi үш ұйымнан - әлемдік, республикалық, халықаралық федерациялардан тұратын. Бұл ұлттық біріншілікті тиімді басқару мен дамыту процесін едәуір қиындатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Бағдарламалар • 29 Қыркүйек, 2020
Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауы жарияланды
"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Алматыда үй тазалаушы шетелдік жаттықтырушыны тонап кетті
Семсерлесу бойынша Қазақстан құрамасының (олимпиадалық) 60 жастағы жаттықтырушысы ақшасы ұрланғанын айтып Алмалы аудандық полиция басқармасына жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қыркүйек, 2020
Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Халықаралық математикалық олимпиада жүлдегерлері атанды
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Таир Сатубалдин мен Тамирлан Бектемісов математикадан өткен халықаралық олимпиададан екінші орын иеленіп, күміс жүлдегерлері атанды. Мектеп өзінің даму тарихында мұндай көрсеткішке алғаш рет қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.