Президент • 03 Қыркүйек, 2018
Елбасы Парламенттің алдында ел өмірін жақсартуға бағытталған басымдықтарды айқындап берді
1 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырысты регламентке сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жүргізді. Ол алтыншы шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясын ашып беру үшін сөзді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.
Медицина • 03 Қыркүйек, 2018
1 қыркүйек – Білім күніне орай Алматы облысында 45 мыңға жуық балдырған тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады. Ал аймақ бойынша бір мезетте 7 жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, оқушыларға есік ашты. Жыл соңына дейін тағы да 2 мектептің құрылысы толық аяқталып, қолданысқа енеді. Осылайша биылдыққа жоспарланған 9 жаңа мектеп толықтай іске қосылмақшы.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2018
С.Жээнбеков: Қазақстан Президентінің ашылу салтанатына қатысуы зор қуаныш
III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков іс-шараның маңызына тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
Президент • 02 Қыркүйек, 2018
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2018
Қ. Әбдірахманов Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК, Түркі кеңесі) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Отырыс 3 қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында өтетін ТМЫК VI Саммиті қарсаңында өткізілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.