Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018
Аудандарға инвестиция тартпайынша, іс бітпейді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі әкімдерге инвестиция тартуға барынша көңіл бөлуді тапсырғаны мәлім. Өйткені инвестиция мен инновация қай кезде де дамудың кілті. Бүгінгі таңда республика өңірлеріндегі аудандардың көпшілігі Үкіметтен қаржылай көмек ретінде субвенция алып келеді. Ал молырақ тартылған инвестиция жағдайында Үкіметтен берілетін осы қаржылай көмекті тиімді түрде жұмсауға мүмкіндік туар еді. Осы арқылы бюджеттің қаржылай ресурстарын үнемдеуге болады.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018
Мақтаарал десе алдымен көзге мақта елестеп, тілге «ақ алтын» деген тіркес ілігеді. Сол «ақ алтынды» өсiрумен бүкіл республикаға танылған Мақтаарал мен Жетісай аудандары шаруаларының аңсары соңғы жылдары қауын-қарбызға да ауа бастады. Шығыны мен кірісін есептеп барып іске кірісетін шаруалардың бұлайша өзгеруі бекер емес. Диқандардың айтуынша, мақтаға қарағанда бақша өнімдерінен табыс 5 есе көп түседі екен. Әрине сапалы өнімді өсіру мен тиімді өткізуде мемлекеттік қолдаудың маңызы ерекше.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018
Жанар-жағармай тапшылығы болмауға тиіс
Бензин қымбаттап, жанар-жағармай тапшылығы байқалса, әлеуметтің әжептәуір елеңдеп қалатыны белгілі. Жыл сайынғы жанар-жағармай жыры биыл да аздап сезілген-ді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, оның себебі ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты емес.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018
Елордадағы мектеп-лицейге барды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы №85 мектеп-лицейге барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018
Көшпенділер рухын асқақтатқан дүбірлі дода
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Сондай-ақ, салтанатты іс-шараға Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбан қатысты.