Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Көлік апатының сұрқай статистикасы сананы сансыратып тұр. Шақша басты шарадай қылады. Қара аспанды басымызға төндіргіміз жоқ. Десек те жұрт болып, жиылып, алқақотан отыра қалып, ойлануды қажет етеді. Оған түрткі – соңғы бес жылда елде жыл сайын 2 мың адамның көлік апатынан көз жұмуы.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2022
Салық реформасы: үміт күттірер бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында дифференциалды салыққа қатысты мәселе көтерді. «Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн», деген Президент салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізуге назар аударды. Айта кетерлігі, мұның орта тапқа қатысы жоқ. Бұл тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынбақ.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2022
Әскерилердің әлеуметтік жағдайы жақсарады
Отан қорғау қызметінде елдің шетінде, желдің өтінде жүрген әскерилердің отбасының жылы ұясы, табан тірер баспанасы болуы – басты мәселе. Парламент қабылдаған әскерилердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған заң күшіне енді. Әскерилердің баспана мәселесі қалай шешіледі, заңда қандай өзгерістер бар? Осындай сұрақтар төңірегінде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, генерал-майор Ерлік Тайжановты әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2022
Маңғыстаудағы мәселелердің шешімі қандай?
Маңғыстау күрделі мәселелердің тоғысқан нүктесіне айналды. Кеше ғана Маңғыстау облысының донор аймақ қатарынан сусып төмен түсіп, субвенция алатын облыстар санатына енгені белгілі болды. Бұл – облыс экономикасының барынша нашарлап, өңірдің өз қаражаты өзіне жетпей, аймақта кіріс азайғандығының көрсеткіші. Осы орайда ұзақ жыл өндіріс саласында еңбек еткен, облыс өндірісіндегі, экономикасындағы түйткіл мен тетікті жетік білетін, кезінде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Аманкелді АЙТҚҰЛОВПЕН әңгіме өрбіткен едік.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022
Алакөл ауданы облыс орталығына шалғайда жатқанымен шаруа қожалықтарының атқарылып жатқан шаруасы көл-көсір. Мәселен, майлы дақылдар алқабы былтырғымен салыстырғанда 1,7 гектарға ұлғайған, өнім де жоғары. Оған қоса Лепсі балынан сабын өндіріп саудалауда. Ал балық өңдеу зауыты өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттап жатыр. Ауданға арнайы іссапар барысында бірнеше шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.